СҚО әкімі Тимур Құлыбаевтан көмек сұрады

809

СҚО әкімі Тимур Құлыбаевтан көмек сұрады

ҚР "Атамекен" КҰП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың СҚО-ға жұмыс сапары аясында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов пен бизнес қауымдастық, мемлекеттiк органдардың қатысуымен өңірдің кәсiпкерлер палатасы кеңесiнiң кеңейтiлген отырысы өттi, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Тимур Құлыбаев "Атамекен" жұмысының негiзгi нәтижелерiн белгiлеп, 2013-2017 жылдары КҰП-ға бизнестi қорғау бойынша 22 мыңнан астам арыздың түскенiн баса айтты. Арыздардың 40% оңынан шешiлдi. Сөйтiп, кәсiпкерлердiң 92 млрд теңгеден астам мүлiктiк құқықтары қорғалды.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов баяндамасында өңiрде бизнестiң қарқынды түрде дамып жатқанын айтып, бiрнеше цифрларды келтiрдi.

Қазiр өңiрде 27 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектiлерi жұмыс iстейдi, онда 100 мыңнан аса адам еңбектенуде. Былтыр өндiрiлген өнiм көлемi 16%, салық көлемi 24% артқан. Салықтың жартысынан көбi шағын және орта бизнестен келiп түскен. Қазiр iшкi өңiрлiк өнiмде шағын және орта бизнестiң үлесi 25% құрайды. 2017 жылы бизнесмендердi несиелеу 1,3 есеге артқан. "Бизнестiң жол картасы" өңiрдегi кәсiпкерлiктiң дамуына серпiн бердi. Алайда, облысқа бөлiнген қаржы жеткiлiксiз, осы орайда өңiр басшысыТимур Құлыбаевтан республикалық деңгейде көмектесуiн сұрады.

Аймақ басшысы өткен жылғы кездесуден кейiнгi оң өзгерiстер жайында сөз қозғады.

"Бiз былтырғы бiздiң кездесуден соң нақты жоспар құрып, оған 100 шара енгiздiк. Бiрiншiден, жер үлестерi, толық жоспарлау және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң бос қуат көздерi туралы ақпарат ашық түрде берiлетiн болды. Бұл бизнестiң даму жоспарын құруға мүмкiндiк бердi", — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi өңiрде бизнеске қысымның әлдеқайда азая түскенiн, яғни тексерiстердiң азайғанын атап өттi.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу