СҚО-да 54 медициналық қондырғы сатып алынады

705

 СҚО-да 54 медициналық қондырғы сатып алынады

Петропавлда медицина қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiне арналған салтанатты жиын өттi. Ақ халатты абзал жандарды төл мейрамдарымен Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады, деп хабарлайдыөңір әкімінің баспасөз қызметі.

Өңiр басшысы дәрiгерлердiң қоғамдағы ерекше рөлін атап өттi. Облыстың емдеу мекемелерiнде iсiне берiк кәсiби мамандар жетерлiк. Құмар Ақсақалов жас мамандарға үлгi боларлық дәрiгерлердiң есiмдерiн атады. Олар - облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлiмшесiн 30 жыл басқарып келе жатқан Нұрлан Жақыпов, жоғары санатты сынықшы Никос Леонов, жоғары санатты хирург-онколог Мәлiк Сексембаев және тағы басқалар.

СҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аймақта медицина саласына ерекше көңiл бөлiнiп келедi. Мәселен, биыл 38 автокөлiк пен 54 медициналық қондырғы сатып алу көзделген. 15-ке жуық денсаулық сақтау ғимараты жөндеуден өтетін болады.

"Петропавлда көпсалалы аурухана салуды көздеп отырмыз. Мекеме 700 орынға шақталмақ. Ауруханада емдеудiң барлық түрлерi көрсетiледi. Заманауи аурухананың құрылысы келесi жылы басталады. "Береке" ықшамауданында да емхана салу жоспарда бар", - дедi Құмар Ақсақалов.

Салтанатты жиындаұзақ жылғы адал еңбегi, облыстың денсаулық сақтау жүйесiн дамытуға қосқан зор үлесi үшiн медицина қызметкерлерi "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi" және "Денсаулық сақтау iсiне қосқан үлесi үшiн" төс белгілерімен, сондай-ақ облыс әкiмiнiң құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу