СҚО-да астық жинау аяқталды

1861

Облыста 5,3 млн тонна астық бастырылды.

СҚО-да астық жинау аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары астық жинауды аяқтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлайды.

"Солтүстік Қазақстан облысында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Биыл СҚО-ның астық жинаушылары жақсы өнім алды", - дейді әкімдіктен. 

Облыста 5,3 млн тонна астық бастырылды, орташа түсім гектарына 19 центнерден болды. Өткен жылы бір гектардан 18,2 центнерден өнім алынып, 5,6 млн тонна астық жиналған еді.

Айта кетсек, СҚО еліміздің 3  негізгі астық өндірушілерінің бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу