СҚО-да мемлекеттік қызметшілер артық қағаздан арылды

727

СҚО-да мемлекеттік қызметшілер артық қағаздан арылды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті "Қағаз өткізіп, ағаштарды құтқар!" ұранымен 160 келіден астам макулатура жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"160 келіден астам макулатура жинадық, бұл 3 ағашты құтқарғанмен бірдей. Бір тонна макулатура 20-25 ағашты кесуден сақтайды. Мұндай шикізатты қайта өңдеу атмосфераға зиянды заттарды аз шығаратын таза процесс болып саналады", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Макулатура жинау "20 қайырлы іс" акциясы аясында өтті. Акция 20 сәуірде мемлекеттік қызметтің 20 жылдығына орай басталған еді. Департаменттің жоспары бойынша бұл шара қыркүйекке дейін апта сайын өткізілмек. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, ЕДС ардагерлері мен зейнеткерлерге көмек көрсетіп жатыр. Балалар үйлерінде ерікті болып, қаланы абаттандырумен айналысуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу