Сотталғандардан жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 2 миллион теңге өндірілді

1545

Қор жәбірленушілерге жедел қажетті материалдық көмек көрсету мақсатында құрылған.

Сотталғандардан жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 2 миллион теңге өндірілді

Қарағандыда сотталғандардан жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 2 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды облыстық прокуратурадан.

Жәбірленушілер тарапына мәжбүрлеп төлеу тәртібін реттейтін "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы"  Заңы күшіне енгелі бері, Қарағанды облысындағы соттар, қылмыс жасаған 69 жазасын өтеушіден 2 млн тенге өндіріп алды. Қор жәбірленушілерге жедел қажетті материалдық көмек көрсету мақсатында құрылған.

Қор  соттардың айыптау үкімі шығарылған  барлық кінәлі тұлғалардан 5 АЕК-тен 30 АЕК  көлеміне дейін мәжбүрлі төлемдерді өндіру есебінен құрылады.  Сонымен қатар  соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алу есебінен толықтырылады.

Заң бойынша қор қаржысы екі жыл мерзім аралығында жинақталып, 2020 жылдың 1-маусымынан бастап өтемақы төлеу басталады.

Өтемақыны жыныстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандар, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылғандар, денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырғандар, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленуші құқықтары берілген адамдар алуға құқылы.

Өтемақы 30-дан 50 АЕК көлемінде, алушыға қатысты жасалған қылмыс санатына байланысты, бір реттік төлем ретінде төленеді. Алайда, жәбірленуші кінәлі тұлғадан келтірілген залал мөлшерін толықтай өндіріп алу мүмкіндігінен айырылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу