Созақ ауданында бір жылда 7 балабақша салынды

1263

Созақ ауданында бір жылда 7 балабақша салынды

Оңтүтік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауыл округінде 50 орындық "Алуа" балабақшасы ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл осы жылы пайдалануға берілген 7-ші балабақша. Осылайша "Балапан" бағдарламасы аясында ашылған балабақшаларда 660 бала қамтылып отыр. Нәтижесінде ауданда бағдарламаның орындалуы 84,5 пайызға жетті деп хабарлайды egemen.kz

Балабақшаның ашылу салтанатына арнайы келген аудан әкімі Мақсат Исаев ел ертеңі үшін жасалып жатқан жақсылықтардың қайтарымы осы бүлдіршіндер екенін, олардың алаңсыз өсіп, жақсы азамат болуларына тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар, "Балапан" бағдарламасы аясында тағы бес балабақша ашылатындығын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу