Суармалы жерлерді қалпына келтіруге 7 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінеді

1749

Қазіргі уақытта облыста 21,5 мың га суармалы жерлер игерілді.  Бірақ, келесі жылы суару алаңы тағы 8,9 мың гектарға ұлғаяды.

Суармалы жерлерді қалпына келтіруге 7 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінеді

Ақтөбе облысында суармалы жерлерді қалпына келтіруге 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы "Қазсушар" РМК АФ басшысы Бекзат Наметов айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, облыс бойынша  5 ауданда 7 млрд теңгеден астам сомаға 15,662 мың га жерді қалпына келтіру жоспарлануда.

Жоба ЕҚДБ заемын пайдалана отырып іске асырылады және де жобаларды іске асыру мен тиімді ұйымдастыруда халықаралық озық тәжірибені пайдалануға мүмкіндік береді, бұл құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен жобалық жүйелерді пайдалануға дайындау үшін өте маңызды болмақ.

"Суармалы жерлердің жыл сайынғы жалпы өнімділігі өңір бойынша жылына 35 млрд теңгеге дейін өссе, соның ішіне пайдаланылмайтын жерлердің де сумен қамтамасыз етілуін қалпына келтіру және жақсарту жағы да қарастырылып отыр. Сондай-ақ, суармалы егіншілікті қалпына келтіру және сақтау  жұмыстары арқылы, ауыл тұрғындарын 8 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады", - деді Бекзат Наметов.

Қазіргі уақытта облыста 21,5 мың га суармалы жерлер игерілді.  Бірақ, келесі жылы суару алаңы тағы 8,9 мың гектарға ұлғаяды.

Сонымен қатар, өңірде 10 су қоймасы салынады. Оларды пайдалануға беру суармалы жерлердің көлемін екі есеге арттырып, 80 мың гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу