Талдықорғанда Ресейден келген цирктің акробаты биіктен құлап кетті

814

Ал Талдықорғанда цирк жоқ.

Талдықорғанда Ресейден келген цирктің акробаты биіктен құлап кетті

Талдықорғанда циркте өнер көрсетіп жатқан акробат қыз көрерменнің көз алдында биіктен құлап кетті. Болған оқиға бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеода акробат қыздың биіктен құлаған сәті анық көрінеді. Сондай-ақ, бейнежазбада зардап шеккен қызды жедел жәрдем қызметінің көлігіне ер азаматтың көтеріп бара жатқан сәті де бар. Қазір бұл видео әлеуметтік желі арқылы жарияланды.

"Тура қойылым кезінде құлағанда, барлығымыз шошып кеттік. Балаларымыз қатты қорқып қалды. Ең бастысы, қыз аман. Қолын шығарып алды деп жатты. Көрермен ретінде айтар болсам, цирктің іші өте ыңғайсыз. Уақытша үлкен палатка етіп жасаған ғой, іші ыстық. Адамдар жүгіріп жүреді. Талдықорғанда цирк болмағандықтан, балаларымды апарып едім, көңілім мүлдем толмады", - деді оқиғаға куә болған Динара есімді Талдықорған тұрғыны.

Ал "Шапито" циркі Талдықорғанға Ресейден келген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу