Тәжікстан Ресейге наразылық білдірді

3675

Ресей Федерациясының Душанбедегі елшісі Семен Григорьевке Ресей Федерациясының аумағындағы Тәжікстан азаматтарына "теріс көзқарастың" жаппай сипат алуына байланысты қатты алаңдаушылық білдірілді.

Тәжікстан Ресейге наразылық білдірді Фото: pexels.com

Тәжікстан СІМ Ресей Федерациясының Душанбедегі елшісі Семен Григорьевке Ресейдегі тәжік азаматтарының құқықтарына нұқсан келтіруге наразылық нотасын табыс етті, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Тәжікстан сыртқы саяси ведомствосының хабарламасында айтылған.

Ресей дипломатына Ресей Федерациясының аумағындағы Тәжікстан азаматтарына "теріс көзқарастың" жаппай сипат алуына, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына қатысты қатты алаңдаушылық білдірді.

"Нотада мұндай іс-әрекеттер тек Тәжікстан азаматтарына қатысты қолданылып жатқанын және бұл тәжік-ресей қатынастарының рухы мен дәстүрлеріне түбегейлі сәйкес келмейтіні атап өтілді", - делінген Тәжікстан СІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу