Технодом екі күнде 30 миллион теңге кірістен айырылды

906

"Технодом" сауда желісінің негізін қалаушы Эдуард Ким компанияның өз құқын сот арқылы қорғайтынын айтады, жақын арада сотқа шағым түсірмек. 

Технодом екі күнде  30 миллион теңге кірістен айырылды

Технодом сауда үйінің интернет-дүкенін екі күнге бұғаттау салдарынан ретейлер әр күн сайын 30 млн теңге шығын көрген, деп хабарлайды lsm.kz.
Желі өкілдері аталған сомада бедел тәуекелі есепке алынбағанын айтады. 
Компания басшылығы бірде-бір заңды бұзбағанын, сайтты бұғаттау заңсыз жүргізілгенін айтып отыр.

Технодом сауда үйінің маркетинг және коммуникация жөніндегі директоры Георгий Сосновскийдің сөзінше, сауда желісі сауданың7%-ын цифрлық алаң арқылы жүргізеді. Бір күнде интернет-дүкен арқылы 30-50 млн теңгеніңтауары сатып алынады. 

"Бұл үлкен көлем. Аталған сауда арнасының өсімі 115%", - деді ол. 

Георгий Сосновскийдің айтуынша, компания интернет-дүкеннің дамуына жыл сайын 10 млн доллар қаражат құяды. Алдағы уақытта Технодом e-commerce үлесін 14%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

"Технодом" сауда желісінің негізін қалаушы Эдуард Ким компанияның өз құқын сот арқылы қорғайтынын айтады, жақын арада сотқа шағым түсірмек. 
2017 жылы сауда желісінің айналымы 220 млрд доллар болған екен. Ретейлердің орташа маржалығы 5-10%-ды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу