Теміртауда газ құбырынан өрт шықты

Қазір газ жіберуді тоқтату жұмысы жүргізілуде.

10 Қараша 2018 22:06
Теміртауда газ құбырынан өрт шықты, Теміртау, газ құбыры, өрт

Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «АрселорМиттал» АҚ аумағындағы конверторлы цехтың сыртқы жағындағы газ құбырынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттен хабарланғандай, қазіргі уақытта газ құбырын салқындату жұмысы жүргізіліп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтау жұмысына 34 адам мен 8 арнайы техника жұмылдырылған. «Комбинаттың жұмысшылары газ жіберу қызметін тоқтату жұмысын жүргізуде», - делінген комитеттің хабарламасында.