Теннистен Қазақстан Президенті кубогына 25 мемлекеттен қатысты

648

 Теннистен Қазақстан Президенті кубогына  25 мемлекеттен қатысты

Астанада теннистен Қазақстан Президенті кубогының ақтық сайысы өтті, деп хабарлайды prosports.kz.

Әйелдер арасында Екатерина Горгодзе биылғы турнирдің үздігі болды. Грузиялық спортшы Финалда Сабина Шәріповамен кездесіп, өзбек қызынан 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Ал ерлер арасында бірінші орынды австриялық теннисші Себастьян Офнер иеленді.

"Осы жарыс ең көп қатысушы қатысқан сайыс болды. Тарихта ешқашан мұндай болмаған. 1991 жылдан бері ұйымдастырылып жатыр. Биыл 270-тен астам қатысушы келді. Тек ер адамдар мен әйел адамдар арасында ғана емес, әуесқойлардың және 12 жасқа дейінгі балалардың арасында өтті. 25 мемлекеттен келіп отыр", - дейді  Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу