Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен ОҚО-ға барды

759

Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен ОҚО-ға барды

Бүгін ҚР "Атамекен" КҰП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен ОҚО-ға барды. Сапар барысында Тимур Құлыбаев оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлермен жергілікті бизнестегі күрделі мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылған ОҚО Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, өңірлік палата басшылығы, мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтар, банктер және қаржы институттарының өкілдері, сонымен бірге тауарөндірушілер қатысты.

Жиында Тимур Құлыбаев "Атамекен" ҰКП жұмысының негізгі нәтижелеріне тоқталды. Мұнан бөлек, жастарды кәсіпкерлікке мектеп жасынан бейімдеу қажет екенін айтып, бүгінде білім және ғылым министрлігімен бірлесе жоғарғы сынып оқушылары үшін арнайы пән енгізілетінін мәлім етті. Бұл демографиялық өсімі жоғары Оңтүстік үшін өте тиімді екенін жеткізді. 

Бизнес өкілдерімен болған басқосуда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев талқыланатын мәселелердің өзектілігіне тоқталып, күнгей өңір үшін кәсіпкерлердің экономикамызға қосар үлесі зор екенін айтты.

"Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында қолайлы бизнес климат қалыптастыруға және шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдайлар жасалынған. 2017 ж. өнеркәсіп өнімінің көлемі 858,4 млрд теңгеге жетіп, өсім 102,1 пайызды құрады.  Ал өндеу өнеркәсібінің жылдық өсімі 105 пайызға жетті. Бұл көрсеткіштерге облысымыз елбасымыздың тікелей тапсырмасы бойынша жаңа өндірістердің ашылуы мен жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарды жаңғырту арқасында қол жеткізілді. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына 129,4 млрд теңге инвестиция салынған, бұл 2016 жылмен  салыстырғанда 2,4 есеге өсіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша республикада 1-орындамыз", - деді Жансейіт Түймебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу