Тимур Сүлейменов: Қазақстан экономикасы тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отыр

719

Тимур Сүлейменов: Қазақстан экономикасы тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отыр

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осы жылдың қаңтар-қараша айларында инфляциялық процестердің тұрақтануы мен инвестициялық белсенділіктің жеделдеуі тұрғысынан, сондай-ақ барлық алты негізгі сектордағы жағдайдың жақсаруы нәтижесінде экономика өсімі 3,9% құрағанын айтты, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Алты негізгі саланың нақты секторындағы ең көп өсім өнеркәсіп, көлік және байланыс саласында байқалады.

"Өңдеу өнеркәсібі өсімінің драйверлері - фармацевтика өнімдері, жиһаз шығару, жеңіл және металлургия өнеркәсібі, мұнай өңдеу өнімдері, азық-түлік және сусындар, сондай-ақ машина жасау саласы болды. Ауыл шаруашылығында өсім осы жылдың қаңтар-қыркүйек арасында 1,9%-дан, 11 айдың қорытындысы бойынша 2,3%-ға дейін өсті", — деді министр.

Бұдан өзге, Тимур Сүлейменовтың айтуынша, экономиканың нақты секторындағы іскерлік белсенділік, сабақтас салаларға сұраныс тудыра отырып, қызмет көрсету секторының өсуін ынталандырды. Мәселен, осы жылдың 11 айында көлік қызметтері 4,8%-ға, байланыс — 3,2%-ға, сауда — 2,8%-ға, сонымен қатар жылжымайтын мүлік операциялары — 2,5%-ға өсті.

"Биыл қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,7%-ға артып, 7,5 трлн теңгеге жетті. Инвестициялардың негізгі өсімі ауыл шаруашылығына, саудаға, құрылыс пен өнеркәсіпке бағытталды", — деп мәлімдеді министр.

Баяндамашы 10 айда импорттың өсуінен экспорттың өсуінің екі есе көп таралуы нәтижесінде сауда теңгерімінің сальдосы 71,7%-ға өскенін атап өтті. Сондай-ақ, сауда теңгерімі өңделген өнімдерді экспорттаудың артыру есебінен да жақсарды.

Тұтастай алғанда, елдің сыртқы сауда айналымы 25,6%-ға артып, $62,1 млрд құрады.

2017 жылғы қаңтар-қазан айларында орташа айлық атаулы жалақы 4,6%-ға артып, 146,5 мың теңгеге дейін жетті.

"Жалпы алғанда 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отыр, бұл жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің 4% деңгейінде өсуін шамалауға мүмкіндік береді", — деді Тимур Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу