Түркістан облысында әдістеме орталығының басшысы пара беру кезінде ұсталды

2780

Үш адам қозғалған қылмыстық іске қатысты оң шешім қабылдатқызу үшін 6 миллион теңге көлемінде пара берген деген күдікке ілініп отыр.

Түркістан облысында әдістеме орталығының басшысы пара беру кезінде ұсталды

Түркістан облысында білім басқармасына қарасты орталықтың директоры Г. Себепова, бөлім басшысы У. Тұтқышбаев және бас есепші А. Кущенко 6 млн теңге көлемінде пара беру кезінде ұсталды. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі мамандары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми мәліметке сәйкес, ұсталғандар қомақты параны оларға қатысты тергеу шараларын тоқтату мақсатында бермек болған.

"2018 жылдың 8 қыркүйегінде Шымкент қаласы бойынша МКД ЭТҚ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде Түркістан облысы бойынша білім басқармасы жанындағы әдістемелік орталықтың басшысы, дене шынықтыруды дамыту бөлімінің басшысы және сол орталықтың бас есепшісі алдын ала келісім бойынша пара беріп жатқан жерінде ұстады. МКД өкілдерінің мәліметінше, олар - үш күдікті Шымкент қалалық МКД ЭҚТ қызметкеріне осыған дейін мәдени іс-шараларға бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты оң шешім қабылдауы үшін 6 миллион теңге көлемінде пара берді деп күдікке ілініп отыр" делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған жайт негізінде қозғалған қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 367-бабы 3-бөлігі 1-тармағы ("Пара беру") бойынша тіркеуге алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен 10 қыркүйектен бастап аталған орталықтың басшысы мен дене шынықтыруды дамыту бөлімінің басшысы уақытша тергеу абақтысына қамауға алынды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу