Түркістан облысында жаңа мұнай өңдеу зауыты салынады

1180

Зауыттың құрылысы Ордабасы ауданында жүргізілмек.

Түркістан облысында жаңа мұнай өңдеу зауыты салынады

Түркістан облысында жылына 2 млн тонна мұнай өңдейтін зауыт салынады. Жалпы құны 95 млрд теңге болатын инвестициялық жоба аясында мыңға тарта жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

"Turkistan Invest" инвестициялық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа зауыттың құрылысы Ордабасы ауданында жүргізілмек. Оны салуға қазақстандық "Standard Petroleum & Co LLP" компаниясы қаражат жұмсайды. Бүгінгі күні 250 гектар аумақта орналастыру жұмыстары жүргізіліп, қоршаулар қойылып жатыр. Сондай-ақ, электр желілері тартылып, жол салынуда.

"Түркістан" ƏКК" АҚ филиалы - "Turkistan Invest" инвестициялық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын жоба 2021 жылы іске қосылады деп күтілуде. Дайын өнім ел аумағында сатылып, қосымша ТМД елдеріне экспортталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу