Түркістан облысындағы қоғамдық көліктердің 70 пайызы жаңартылады

781

Түркістан облысында жолаушылар тасымалымен айналысатын 1500 қоғамдық көлік бар. Оның 70 пайызы, яғни 800-ге жуығы 12 жылдан артық жүргеніктен әбден ескірген. 

Түркістан облысындағы қоғамдық көліктердің 70 пайызы жаңартылады

2019 жылдан бастап Түркістан облысындағы қоғамдық көліктердің 70 пайызы кезең-кезеңімен жаңартылады. Бұл туралы Түркістанда өткен автобустық тасымалдауды дамытудың кешендік бағдарламасын іске асыруға арналған форумда айтылды, деп хабарлайды 24.kz.

Жиынға еліміздегі автобус құрастырумен айналысатын зауыт өкілдері, аймақтағы жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус паркінің басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Үкімет бекіткен автобустық тасымалды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған "Жол картасы" бағдарламасы таныстырылды. Бағдарламамен 15 пайыздық алғашқы жарнаны төлеп, 7 пайызбен 7 жылға несие алуға болатындығы түсіндірілді. Бұл ескі автобусын жаңарта алмай жүрген тасымалдаушылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ.

Түркістан облысында жолаушылар тасымалымен айналысатын 1500 қоғамдық көлік бар. Оның 70 пайызы, яғни 800-ге жуығы 12 жылдан артық жүргеніктен әбден ескірген. Енді үкімет бекіткен бағдарлама бойынша 2019 жылдан бастап облысындағы ескі автобустар кезең-кезеңімен жаңартылатын болады. 

"2019 жылдан бастап осы мәселені толығымен кезең-кезеңімен жаңалатуды қарастырамыз. Сол себепті бүгін жиналып отырмыз. Бірінші 2019 жылдан бастап автобустар алу мәселесі, әр азамат тасымалдаушы  өздеріне ыңғайлы қалаға, ауданаралық бағыттарға тиісті автобустарды алады", - дейді облыстық жолаушылар басқармасы басшысының м.а. Мақсат Мырзабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу