Түркістанда салынатын нысандардың басым бөлігі шығыс үлгісінде болады

817

Түркістанда салынатын нысандардың басым бөлігі шығыс үлгісінде болады

Қала әкімі Әліпбек Өсербаев облыс орталығына айналған Түркістан шаһарының бас жоспарын әзірлеуге шетелдік сәулетшілер атсалысатынын айтты.

Шаһар басшысының сөзінше, қалада келесі айда халықаралық сәулетшілер байқауы өтеді. Сол байқауда іріктелінетін үздік жобалар бас жоспарға енеді.  Шарт бойынша жаңадан  салынатын нысандардың басым бөлігі шығыс үлгісінде болуы тиіс. Сондай-ақ заманауи әрі тарихи мәнге ие болуы талап етіледі. Ғимараттардың сапасына, сыртқы кескін-келбетіне де ерекше  назар аударылады.

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметовтың  айтуынша, Түркістанның күншығыс бөлігіндегі орталықта 300 гектарға жуық аумақ құрылыс алаңына айналады.

"Түркістан сейсмикалық жағынан қауіпті аймаққа жатпайды. Бұл жердің жерасты суы да төмен, әрі жері қатты. Бұл өз кезегінде құрылыс құнының арзан болуына ықпал етеді", - деді Ербол Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу