banner

Түркістанда үй мен жердің бағасы қымбаттап жатыр

1843

Түркістан қаласының облыс орталығына айналуына байланысты мұнда баспана мен жердің бағасы қымбаттап жатыр, деп хабарлайды "Айқын" газеті.

Түркістанда үй мен жердің бағасы қымбаттап жатыр

Реэлторлардың таратқан деректеріне қарағанда, жер мен үйдің бағасы орташа есеппен алғанда, 20-30 пайызға қымбаттаған.

Бүгінгі күні шамамен алғанда үйдің бір шаршыметрі Шымкентте 100-200 мың теңге шамасында болса, ал Түркістанда одан екі есе арзан. Ал соңғы айдың шамасында Түркістандағы баға Шымкентті қуып жетуге шақ қалған. Бұл түсінікті де шығыр. Өйткені Түркістанның тарихи маңызы артты.

Қазіргі таңда Түркістанда жөндеу көрмеген бір бөлмелі үй 4 миллион, жақсы сақталған екі бөлмелі пәтер 8 миллион теңге, ал үш бөлмелі пәтер 9-12 миллион теңгенің шамасында. Сарапшылар Түркістан қаласында 10 сотық жер орташа есеппен алғанда, 2,5-3 миллион теңгенің деңгейінде екенін айтады.

Жергілікті биліктің айтуынша, жаңа шаһар шырайлы болып, шығыстық стильде салынады. Үйдің биіктігі 5 қабаттан аспайды. Өйткені қаланың жан-жағынан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көрініп тұруы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу