Түркияда 3 күндік аза тұту күні жарияланды

573

Түркияда 3 күндік аза тұту күні жарияланды

Түркияда Газа секторындағы қайғылы оқиғаға байланысты 3 күндік аза тұту жарияланды. Бұл туралы ел президенті Реджеп Тайып Ердоған Ұлыбританияға сапары кезінде хабарлады, деп жазады 24.kz.

Соңғы дерек бойынша ереуіл кезінде 59 адам қаза тапқан. Бас көтеруге Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуы түрткі болған.

Палестина көшбасшысы Махмуд Аббас та үш күндік аза тұту жариялады. Ал Газадағы жағдайды БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі келесі аптада талқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу