banner

Түркияда жол апатынан 22 адам көз жұмды

675

13 адам жарақаттанған.

Түркияда жол апатынан 22 адам көз жұмды

Түркияның батысындағы Измир провинциясында заңсыз мигранттарды тасымалдап келе жатқан жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтемемен.

Алдын ала мәлімет бойынша, 22 адам ажал құшқан, оның ішінде кішкене балалар да бар. 13 адам жарақаттанған.

Көлік апаты Мендерес ауданында болған. Айдын-Измир автожолымен келе жатқан жүк көлігі Дегирменчай өзеніне құлаған. Апат болған жерге жедел жәрдем көлігі жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу