Түркиялық кәсіпкерлер Қазақстанға қаржы салуға ниетті

758

Түркиялық кәсіпкерлер Қазақстанға қаржы салуға  ниетті

Ордабасы ауданының кәсіпкерлері бәсекеге қабілеттілікті арттыру халықаралық бағдарламасы аясында Түркия елінен  іскерлік тәжірибе алмасып қайтты. Түркияның экономика министрлігі ұйымдастырған  шара "Мал шаруашылығын экспорттау, бауды қарқынды дамыту, жеміс-жидекті сақтау және қайта өңдеу" тақырыбында өткізілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-сапар барысында оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Нигде қаласындағы "Алма-ата" фирмасының 1000 гектарлық қарқынды бауы мен  мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. "Алма-ата" серіктестігінің төрағасы Атилла Капланның мәлімдеуінше, бүгінде бұл фирма көкөніс экспорттау бойынша Түрік Республикасында үшінші орынды иеленеді.  Аталған серіктестік бүгінгі таңда Ордабасы ауданындағы 20 гектар жері бар "Александровский сад" ЖШС-нің  бауын жетілдіруге әріптестік  қолдау білдіріп келеді. 

Шара барысында түркиялықтар ордабасылықтарға кәсіпкерлерді қолдау ісінің шетелдік нұсқасын таныстырды. Жиында сөз алған бірқатар түркиялық кәсіпкерлер Қазақстанға келіп, қаржы салуға  ниетті екендіктерін  жеткізді.

Сондай-ақ, олар іскерлік байланыс аясында топырақ ерекшеліктерін зерттеп, соған орай арнайы көшет жеткізіп беруді, оларды күтіп-баптау ерекшелігін үйретуді қолға алып, мамандарды да оқытуға әзірліктерін мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу