Тыңайтқыш алған шаруаларды субсидиялауға 450 миллион теңге бөлінді

878

Тыңайтқыш алған шаруаларды субсидиялауға 450 миллион теңге бөлінді

Павлодар облысында минералды тыңайтқыш алған шаруаларды субсидиялау үшін биыл облыстық бюджеттен 450 млн теңге бөлінді. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 97 миллион теңгеге артық, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік және механизация бөлімінің бас маманы Байболат Рахымжанов агенттік тілшісіне берген сұхбатында айтты.

- Павлодар облысының шаруа қожалықтары сегіз мың тонна минералды тыңайтқышқа тапсырыс берген болатын. Бүгінде барлығын алып пайдаланды. Енді шамамен бір мың тоннадай тыңайтқыш алынуы мүмкін. Өйткені кейбір шаруашылықтар жазға дейін сеуіп жатады. Минералды тыңайтқыштарды ең көп қолданатын аудандардың қатарында Ақсу қаласы мен Павлодар ауданы тұр. Бұл аудандардың әрқайсысына екі мың тоннадан кетті. Жақында осы шаруашылықтарға елу пайызға дейін субсидия беру үшін 450 млн теңге бөлініп, облыс әкімінің қаулысы шықты. Қазір құжаттарды қабылдап болып, тиісті ақшаларын аударуды бастап кеттік. Ал, бұдан кейін алған шаруашылықтар болса, олар келесі айларда субсидияланады, - дейді Байболат Рахымжанов.

Айта кетейік, биыл алынған сегіз мың тоннаның бес мыңы яғни, аммофос пен аммиак селитрасы қазақстандық зауыттарда шығарылған болса, қалған үш мыңы  Ресейден және басқа да шет мемлекеттерден жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу