ҰБТ-ны ағылшын тілінде үздік тапсырғандар шетелдік білім грантын иеленеді

1582

Биыл шетелдік ЖОО-лар Қазақстан жастарына 40 мың грант бөлуге дайын. 

ҰБТ-ны ағылшын тілінде үздік тапсырғандар шетелдік білім грантын иеленеді

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ҰБТ- тапсырушыларды ынталандыру ретінде жоғары балл жинаған оқушыны шетелдік ЖОО-ға грантқа түсірмек, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

ҚР БҒМ "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басшысы Жанболат Мелдешов тесті ағылшын тілінде үздік тапсырған талапкерге грант бөлуге дайын екендігін айтып, бірқатар шетелдік серіктес ЖОО-ларды белгіледі.

2019 жылдан бастап қазақстандық мектептердің түлектері ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға мүмкіндік алды. Бұл бастаманың мақсаты – мектеп бітірушілерге ЖОО-ға түсу мүмкіндігін арттыру. Оқушылар ҰБТ-ны қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тапсыра алады. Биыл 61 талапкер тесті ағылшын тілінде тапсыруға бел буды (2018 жылдағы жазғы ҰБТ кезінде, тек 25 оқушы ағылшын тілінде тапсырды).

"Жалпы, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік өте көп. Биыл шетелдік ЖОО-лар біздің азаматтарға 40 000 грант бөлуге дайын. Бұл – әр талапкердің тегін білім алуға мүмкіндігі бар деген сөз. Мектеп түлектері ҰБТ сертификатымен қазақстандық ЖОО-ларға ғана емес, шетелдік оқу орындарына да түсе алады. Мысалы, Түркия жоғары оқу орындарына біздің сертификатымызбен түсе алады. Ол үшін ағылшын және түрік тілдерін білуі керек", – дейді Жанболат Мелдешов.

18 қаңтарда оқудың ақылы бөліміне түсушілер үшін ҰБТ басталды. 18-20 қаңтар аралығында 35 838 талапкер сынаққа қатысып,  оның ішінде 61-і ағылшын тілінде тест тапсырған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу