ҰЭМ жанынан инвестициялық штаб құрылады

875

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне инвестиция тарту бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді.

ҰЭМ жанынан  инвестициялық штаб құрылады

ҚР президентінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №806 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" Жарлығымен ҚР Ұлттық экономика министрлігіне инвестиция тарту бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.

Бүгін Ұлттық экономика министрлігінде инвестиция тарту бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында ұсыныстар әзірлеу жөнінде ой-талқы өткізілді.

Кеңеске Азиялық даму банкі, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк, СІМ, "Kazakh Invest" ҰҚ, "Астана" халықаралық ғылыми кешені, DAMU Research Group, Стратегиялық бастамалар орталығы, "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығы, "Атамекен" КҰП өкілдері қатысты.

ҰЭМ өкілдері инвестициялық саясатты министрліктің функцияларын кеңейту есебінен жақсартудың жаңа бастамалары мен бағыттары туралы баяндап, еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде алдағы кезеңдегі жұмыс жоспарларын жария етті. Сондай-ақ алдағы, заңнамалық өзгерістерді қоса алғандағы жұмыс жоспарларын талқылады.

Халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері соңғы әлемдік тәжірибелерді ортаға салып, инвестиция тарту саласындағы экономикалық және қаржылық ахуалды талдауға дайын екендіктерін мәлімдеді. Сондай-ақ инвестициялық заңнаманы жақсартуға және алда жасалатын жұмыстарға техникалық көмек көрсетуге қатысуға ұсыныс жасады.

Кеңеске қатысушылар заңнаманы жақсарту жөніндегі өз ұсыныстарын беріп, тиісті ұсыныстарды әзірлеу жұмыстарына одан әрі де қатысуға дайын екендігін білдірді. Осыған орай, ҰЭМ жанынан бірінші вице-министр Руслан Дәленов басқаратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін инвестициялық штаб құру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу