UFC-дің қатары қазақ жігіті Дамир Исмағұловпен толықты

1158

UFC-дің қатары қазақ жігіті Дамир Исмағұловпен толықты

Ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-дің қатары қазақ жігіті Дамир Исмағұловпен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтемемен 24.kz.

Дамир Исмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған қазақ спортшысы ретінде тарихта қалмақ. Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Мирсад Бектич 8 желтоқсанда Канадада болатын UFC 231 турнирінен алынып қалғаны белгілі болды. Жерлесіміз UFC-де Ренато Мойканоға қарсы алғашқы дебютін өткізуі әбден мүмкін.

Дамир 18 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жетті. 2017 жылдың мамыр айында Максим Дивничті бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтып, 70 кило салмақ дәрежесі бойынша "М-1" ұйымының чемпиондық белбеуін иеленген болатын.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу