Украина Қазақстаннан ТЭ33АС тепловоз сериясының топтамасын сатып алмақшы

842

Украина Қазақстаннан ТЭ33АС тепловоз сериясының топтамасын сатып алмақшы

"Украина темір жолдары" компаниясы Қазақстанда шығарылған тепловоздарды сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

Украиналық теміржол компаниясы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ мен "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС шығарған өнімдермен танысқан. Шетелдіктерге ТЭ33A және ТЭП33A тепловоз сериясымен, KZ8A және KZ4A атты электровоздың түрлері таныстырылған. Сонымен қатар Астанадағы эксплуатациялық локомотив депосында қазақстандық тарап украиналық әріптестеріне аталған тепловоз бен электровоздарға сервистік және кепілдік негізінде қандай қызмет көрсетілетінін түсіндірген.

"General Electric Company" компаниясының шектелмелі келісімінің алғашқы кезеңін жүзеге асыру барысында "Украина темір жолдары" 2018 жылдың аяғында ТЭ33АС тепловоз сериясының топтамасын сатып алмақ.

"Украиналық әріптестеріміз құрылысын саласындағы және GE компаниясының дизельдік локомотивтерді пайдаланудағы тәжірибемізге қызығушылық танытты. Сондай-ақ біз жетістеріміз бен жұмысымдағы қағидаттар туралы айтып бердік", - деді "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ-ның операциялық қызмет бойынша вице-президент Марат Шакенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу