Украина мен Ресей арасында ынтымақтастық келісімі тоқтатылды

905

Украина мен Ресей арасында ынтымақтастық келісімі тоқтатылды

Украинаның жоғарғы радасы Ресеймен ынтымақтастық және әріптестік келісімін тоқтату жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды 24.kz.

Президент Петр Порошенко бастамасымен 277 депутат құжаттың күшін доғару туралы ұсынысты қолдаған. Жоғарғы рада Ресей тарапы бұл келісімді өрескел бұзып отыр дегенді алға тартады.

"Сондықтан оның мерзімін ары қарай созудың еш мәнісі жоқ", – дейді олар.

1997 жылғы ынтымақтастық келісіміне Украиннаның сол кездегі Президенті Леонид Кучма мен ресейлік президент Борис Ельцин қол қойған. Сол уақыттан бері құжат екі мәрте он жылға ұзартылған. Ынтымақтастық келісімінің күші 2019 жылдың 1 сәуірінде жойылады.

Киев пен Мәскеудің арадағы қатынасы 2014 жылдан бері Қырым дауына байланысты біраз шиеленіскен. Соңғы кездегі Керчь бұғазындағы текетірес отқа май құйғандай болды. Түсіндірме хатта айтылғандай, келісім күші доғарылғанымен, екі ел арасындағы алыс-беріс, еңбек қатынасы, аймақтардың дамуы, денсаулық сақтау мен қоршаған орта сынды қоғамдық арақатынасқа кесірін тигізбеуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу