Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірді

504

Ұлттық банк төрағасы  теңге бағамына қатысты пікір білдірді

Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 24.kz.

Қор биржасында теңгенің әлсіреуіне сыртқы күрделі макроэкономикалық фактор ықпал етуде. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы мәлім етті. Ақышев 2015 жылдан бері Қазақстанда айырбас бағамының еркін режимі іске қосылғанын тілге тиек етті. Сондықтан Ұлттық банк валюталық саудаға араласпайтынын, бағам тек сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатынын жеткізді.

"Ресей, Түркия және Аргентина сияқты дамыған елдерде өздерінің валюталарын біртіндеп девальвациялауда. Осы орайда ақшаның әлсіреуі орын алуады. Сөйтіп, теңгеге де әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ теңге бағамына макроэкономикалық факторлар ықпал етеді. Бұл өз кезегінде біздің экспорттық тауараларға, мұнайға әсерін тигізбей қоймасы анық. Қазір олардың құны өте жоғары.  "7-20-25" бағдарламасы аясында банктер халыққа жақын арада несиелер бере бастайды. Данияр Ақышевтің айтуынша, банк пен борышкердің нарықтық принциптерді сақтауы бағдарламаның маңызды бөлігі болып табылады. Ол кредит беруші мен қарыз алушының мүдделері арасында теңдікті қамтамасыз етеді", – деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев. 

"Кепіл институты жан-жақты болуы керек. Кепіл ұстаушының өз талаптарын қанағаттандыру үшін кепіл мүлкін кедергісіз әрі дереу сату мүмкіндігі болуға тиіс. Мұндай түзетулерсіз "7-20-25" бағдарламасын сәтті іске асыру мүмкін емес", – деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу