Ұлттық ғылым академиясының құрамы 30 академикпен толықты

639

Ұлттық ғылым академиясының құрамы 30 академикпен толықты

Алматыдағы "Ғылым ордасында" еліміздің айтулы ғалымдары бас қосты, деп хабарлайды egemen.kz.

ҚР ҰҒА жалпы жиналысының сессиясы аясында ҚР ҰҒА төралқасының 2017 жылғы жұмысы және Қазақстан Республикасында ғылымның одан әрі дамуы туралы ҰҒА Президенті Мұрат Жұрыновтың ақпараттық есебі тыңдалды.
Басқосу қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Алқалы жиын барысында  ғалымдар Елбасының рухани жаңғыруға арналған мақаласын жүзеге асырудың ғылыми тектіктерін талқылады. Олардың ойынша, ашық қоғам құрып ұлттық сананы дұрыс қалыптастыру үшін гуманитарлық салада нақты істерді жүйелі түрде жоспарлау керек. Сонымен қатар, өндірісті ғылымға негіздеу мақсатында зерттеу институттарына білікті кадрлар тарту мәселесінің де назардан тыс қалмауы  баса айтылды.

 Сессия қорытындысына сәйкес биыл Ұлттық ғылым академиясының құрамы 30 академикпен толығып, 29 ғалым корреспондент-мүшелікке қабылданды. Құрамға жаңа енген ғалымдар Физика, математика, Химия және технологиялар, Биология және медицина, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ, Аграрлық ғылымдар бөлімшелері бойынша Отандық ғылымның дамуы жолында қызмет ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу