Ұлыбританиямен дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 27 жыл толды

1631

Бүгінде Қазақстанда британдық капиталы бар 670 компания жұмыс істейді.

Ұлыбританиямен дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 27 жыл толды

Бүгін Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 27 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, өткен жылдың 11 айында Ұлыбританиямен екі жақты сауданың көлемі 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Қазақстаннан экспорт көлемі 0,7 млрд доллар, ал Ұлыбританиядан импорт 0,4 млрд долларға жетті. Одан бөлек, 2005-2018 жылдар аралығында аталған мемлекеттен еліміздің экономикасына тартылған инвестициялардың жалпы ағыны 12,8 млрд АҚШ долларын құрады.

"Ұлыбритания Қазақстандағы үздік 5 шетелдік инвесторлардың тізіміне кіруде. Негізгі инвестициялық салалар қатарында мұнай-газ, түсті металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері", – деп хабарлайды министрлік.

Бүгінде Қазақстанда британдық капиталы бар 670 компания жұмыс істейді. Олардың қатарында соңғы жылдары Ernst & Young, Rolls Royce, Rio Tinto, BAE Systems, AstraZeneca, GlaxoSmithKline, PwC, KPMG, Wood Group, Уильям Хэйр, WorleyParsons, Petrofac, Baker & McKenzie, Norton Rose Fulbright, White & Case, Reed Smith, Michael Wilson & Partners, Dentons, Dechert, Morgan Lewis компаниялары табысты жұмыс атқаруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу