Үндістанда 33 адамның өмірін қиған жол апаты орын алды

684

Жүйткіп келе жатқан автобус белгісіз себептерге байланысты жолдан шығып кетіп, тереңдігі 300 метрдей құзға құлаған.

Үндістанда 33 адамның өмірін қиған жол апаты орын алды

Үндістанның батысындағы Махараштра шатында жол апаты 33 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды 24.kz.

Жүйткіп келе жатқан автобус белгісіз себептерге байланысты жолдан шығып кетіп, тереңдігі 300 метрдей құзға құлаған. Құтқарушылар аңғардан 12 адамның мәйітін жоғарыға шығарды. Оқиға орнында құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бірақ жол апатына не себеп болғаны белгісіз.

Елдің премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтып, қолдан келген көмектің барлығы көрсетілетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу