Үндістанда 45 адам із-түссіз жоғалды

772

Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында қалың қар жауып, соңы алапат нөсерге ұласқан.

Үндістанда 45 адам із-түссіз жоғалды

Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында қалың қар жауып, соңы алапат нөсерге ұласқан. Салдарынан су тасқыны болып кем дегенде 45 адам, соның ішінде Рурки қаласындағы технологиялық институттың 35 студенті із-түссіз жоғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сейсенбі күні NDTV телеарнасы хабарлағандай, бұдан бұрын студенттер Лахул ауданындағы таулы жерге сапарға шыққан, бірақ, дүйсенбі күні штатта қар аралас нөсер жаңбыр жауған. Қазіргі таңда Үндістанда муссондар маусымы жүріп жатыр. Ол маусым айынан қыркүйектің соңына дейін жалғасады.

Биыл муссондық жауын-шашын өте күшті болып отыр. Соның салдарынан оңтүстік-батыстағы Керал штаты зардап шегіп, 445 адам ажал құшқан. Ал 1,4 млн адам су тасқынына байланысты уақытша үйлерін тастауға мәжбүр болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу