Үндістанда 59 жолаушысы бар автобус жардан құлап кетті

588

Үндістанда 59 жолаушысы бар автобус жардан құлап кетті

Үндістанда болған жол апатынан 48 адам қайтыс болып, 11-і ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Atameken TV.

Оқиға елдің солтүстігінде орналасқан Уттаракханд штатында болған. Ішінде 59 жолаушысы бар автобус биіктігі 60 метрлік жардан құлап кеткен. Полицейлер апатқа көлікке шамадан тыс жолаушы мінгізген жүргізушіні кінәлап отыр.

"28 адамға шақталған автобусқа 59 адам мінген. Оның үстіне жауыннан соң, жол тайғақ болды. Салдарынан көлік аударылып қалды деген болжам жасалды. Қазір тергеу жүргізіп жатырмыз. 45 адам оқиға орнында жан тәсілім етті. Үшеуі ауруханаға барар жолда көз жұмды", - дейді полиция Санжай Гуньяль.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу