Үндістанда көпір опырылып қалды

560

Оқиға болған сәтте көпір үстінде бірнеше жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы болған.

Үндістанда көпір опырылып қалды

Үндістандағы Калькутта қаласында бетон көпір опырылып түсті. Оқиға болған сәтте көпір үстінде бірнеше жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы болған, деп хабарлайды 24.kz.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, кем дегенде 5 адам қаза тапты. Жарақат алған 8 адам ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті билік әзірше нақты ақпарат таратқан жоқ. Апат орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Үйінділер астында әлі ондаған адам болуы мүмкін. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу