Үндістанда пойыз астында қалып ажал құшқандар саны 60-тан асты

20 Қазан 2018 11:20
Үндістанда пойыз астында қалып ажал құшқандар саны 60-тан асты  , Үндістан , пойыз басты, қайғылы жағдай

Үндістанның Пенджаб штатында пойыз мерекеге жиналған адамдарды басып өтті. Салдарынан 61 адам қаза тауып, 70-ке жуығы жарақат алған, деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға Амритсар қаласы маңында болған. Мерекеге жиналған адамдар теміржолдың үстінде арнайы рәсімді тамашалап тұрған. Осы сәтте жылдамдықпен келген пойыз адамдарды басып өткен.