Үндістанда Тәж-Маһалды сүру туралы мәселе қозғалды

17 Шілде 2018 16:52

Әлемнің жеті кереметінің бірі саналатын Үндістандағы қайталанбас сәулет өнері Тәж-Маһалға қауіп төнді, деп хабарлайды islam.kz.

Себебі шілде айының 31-күні Үндістанның жоғарғы соты ерекше ескерткіштің тозғанын, оны күтіп ұстауға мемлекет қазынасынан көп шығын кететінін сылтауратып, оны сүруге қатысты мәселе көтереді. Бұл жайында Hindustan Times ақпарат көзі хабар таратты.