Үндістанда толассыз жауын салдарынан 106 адам көз жұмған

544

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында толассыз жауыннан өзендер арнасынан асып жатыр.

Үндістанда толассыз жауын салдарынан 106 адам көз жұмған

Үндістанда толассыз жауын салдарынан 106 адам көз жұмып, тағы 100-ден астамы түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.

Уттар-Прадеш штатында өзендер арнасынан асып, үйлер су астында қалды.

РИА агенттігінің хабарлауынша, 600 шақты нысан зақымданды. Қатты дауылдан ағаштар құлап, шатырлар ұшқан. Көптеген ғимарат жарықсыз қалды.

Уттар-Прадеш штатының бас министрі зардап шеккендер мен олардың отбасыларына медициналық және қаржылай көмек көрсетілетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу