Үндістандағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

749

Үндістандағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Үндістандағы пойыздың қатысуымен болған апаттан жараланғандар мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

"Үндістан төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала хабарлауынша, зардап шегушілер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - дейді ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров. 

Еске сала кетсек, Үндістанда пойыз мерекеге қатысып жатқан халықты басып өткенін хабарлаған едік. Оқиға Үндістанның солтүстігіндегі Пенджаб штатының Амритсар қаласында болған. Пойыз мейрамды тойлап жатқан халықты басып өтіп, салдарынан 60 адам мерт болған. 100-ге жуық адам жарақат алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу