banner

Үндістандық компания Түркістан облысында құс шаруашылығына инвестиция салмақ

869

Қазір әлемде "Venky's" деген атпен танылған алпауыт компания құс өсірумен, жұмыртқа өндірумен қатар жұмыртқа ұнтағын да кәдеге асырып жүр.  Арнайы зерттеу орталықтарында құс шаруашылығына қажетті вакцина шығарумен де айналысады.

Үндістандық компания Түркістан облысында құс шаруашылығына инвестиция салмақ

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Үндістанның "VENKY'S" компаниясының өкілдерімен кездесті. Үндістан нарығының 90 пайызға жуығын құс етімен қамтамасыз етіп отырған компания Түркістан облысына инвестиция салуға ниетті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

"Түркістан облысы Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Өңірден Батыс Еуропа – Батыс Қытай Қытай магистралі өтеді. Жұмыс күші көп әрі табиғаты шаруашылыққа қолайлы. Бірнеше құс фабрикасы бар. Біз әкімдік тарапынан құс шаруашылығын дамытып, кластер құруға әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Егер инвесторлар келетін болса, жер және инфрақұрылым мәселесіне де көмек көрсетіледі. Екіжақты жобалар Үндістанға да, Қазақстанға да пайдалы болады деп ойлаймын. Бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз", — деді Жансейіт Түймебаев. 

Ал, "Venkateshwara Hatcheries Private Limited" (VH group) компаниясының операциялар жөніндегі бас директоры Муртуза Али Исмаил Магдум Түркістанға келудегі мақсатын түсіндірді.

Инвестордың айтуынша, компания 1971 жылы құрылған. Тек Үндістанда ғана емес, АҚШ және Еуропа елдерінде бірлескен кәсіпорындары мен жобалары бар. Қазір әлемде "Venky's" деген атпен танылған алпауыт компания құс өсірумен, жұмыртқа өндірумен қатар жұмыртқа ұнтағын да кәдеге асырып жүр.  Арнайы зерттеу орталықтарында құс шаруашылығына қажетті вакцина шығарумен де айналысады. Осы деректерге тоқталған үндістандық компания басшысы келіссөздер сәтті аяқталса, Түркістан облысында жұмыс бастауға дайын екенін мәлімдеді. Дәлірек айтсақ, "Ордабасы құс" және "Шымкент құс" ЖШС-мен де біріккен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу