Үндістаннан жеңіліп, Оманнан басым түстік

687

Үндістаннан жеңіліп, Оманнан басым түстік

Иранда өтіп жатқан волейболдан 18 жасқа дейінгі ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі ойын өткізді. Оның бірінде жас волейболшылар жеңіліс тапса, екіншісін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды olympic.kz. 

Үндістан құрамасымен 30 маусым күні өткен матчта біздің құрама үш партия нәтижесі бойыншы ұтылды. Есеп: 21-25, 23-25, 21-25. 

Екінші ойында Қазақстан құрамасы Оманмен кездесіп, тартысты өткен матчта 25-23, 36-34, 25-19 есебімен басым түсті. Бұл кездесуде 19 ұпай жинаған Илья Чекурсков үздік ойыншы атанды. 

Осылайша, үш ұпаймен өз тобында екінші орын иемденген қазақстандықтар келесі кездесуді Жаңа Зеландияға қарсы өткізбек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу