ҰОК елімізде street workout алаңқайларын ашуды жалғастырады

846

ҰОК елімізде street workout алаңқайларын ашуды жалғастырады

Өскемен қаласы street workout мәдениетін дамытушылар қатарына қосылды. 13 маусым күні Өскемендегі салтанатты ашылу рәсімінде Шығыс-Қазақстан облысының басшылығы жастарға ұсынған сыйлығы үшін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне алғыс білдірді. Ал Bar Bars командасы қала тұрғындарына арналған бүкілқалалық жаттығу ұйымдастырып, алаңқайда жүйелі түрде жаттығу арқылы қандай жетістікке жетуге болатынын көрсетті.

Street workout - спорттық көше мәдениетін дамытудағы ең танымал бағыттардың бірі, бүгінде Қазақстан ҰОК жобасының арқасында қолжетімді спорт түріне айналды. ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасы мен жеке қаражаты есебінен 2016 жылдан бері еліміздің әр аймағында 50-ден аса мамандандырылған спорттық алаңқайлар ашылды. Атап айтар болсақ, Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Жаңаөзен және Көкшетау қалаларында жаңа алаңқайлар бой көтерді. Жобаның ең басты артықшылығы – алаңқайлардың тек облыс орталықтарында ғана емес, облыстан шалғай жатқан қалаларда да ашылуында.

"Қазақстан ҰОК олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға жауапты. Алайда, бұқаралық спорт бәрінің түп негізінде тұрғанын естен шығармау қажет. Мұндай спорттық алаңқайлардың ашылуы балалар мен жастардың дене шынықтыру мен спортқа ден қоюына себеп болады. Ашық аспан астындағы спорттық зоналар ел тұрғындары үшін тиімді екенін дәлелдеп үлгерді. Біз алаңқайлардың үлкен сұранысқа ие екенін, қаңырап бос қалмайтынын байқадық. Ол жерде үнемі әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өтіп тұрады. Қазіргі таңда Қазақстан ҰОК өкілдері ел аймақтарын аралауда. Осы орайда, біз аталған әлеуметтік жоба туралы басты жаңалықтарды біліп отырмыз. Бұл жобаны әрі қарай жалғастыра береміз. Алдағы уақытта шалғайда жатқан ауылдарда да алаңқайлар бой түзейді", - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Данияр Абулгазин.

Өскемендегі саябақ аймақтарында құрылған төрт алаңқайдың ашылу салтанатына облыс басшылығы, Қазақстан ҰОК мен Қазақстан  STREET WORKOUT федерациясының өкілдері қатысты. Семейде мамандандырылған алаңқайларды ашу туралы жоспар жақын арада іске асады. Семейдегі халық көп қоныстанған аумақта төрт алаңқай орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу