Үржарда дала өрті 3 мың гектарды шарпыды

708

Үржарда дала өрті 3 мың гектарды шарпыды

Үржарда дала өртке оранды. Өрт сөндірушілер 3 мың гектар жерді шарпыған отты ауыздықтауға бар күшін салды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Сәрсенбінің кешінде дала өртеніп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсісімен, №60 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері дереу оқиға орнына аттанған. Өрт сөндірушілер жеткенше Қоңыршәулі ауылдық округінің Шұбарбайтал аумағы қызыл жалынға оранып үлгерді. Таңға қарай өрттің беті қайтты.

Бүгінгі күні өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Әзірге отты абайламай пайдалану себебінен шыққан деген болжам айтылуда. Өртті сөндіруге 18 адам мен алты техника жұмылдырылды. Олардың ішінде шаруа қожалығының техникасы мен жұмысшылары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу