banner

Үстел теннисінен олимпиаданың соңғы жолдамасы сарапқа салынады

806

Үстел теннисінен олимпиаданың соңғы жолдамасы сарапқа салынады

Қазақстандық жас теннисшілер Жасөспірімдер Олимпиадасына жолдама беретін ең соңғы іріктеу турниріне қатысу үшін Тынық Мұхитындағы Кука аралдарының ең үлкені Раротонгқа аттанып кетті. Буенос-Айрестегі олимпиадаға таратылатын соңғы 4 жолдамаға таласу үшін 11 теннисші ер бала мен 11 теннисші қыз бала қатысады, деп хабарлайды olympic.kz.

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын оралдық Айдос Кенжеғұлов пен қарағандылық Зәуреш Ақашева қорғайды. Рейтинг бойынша Зәурет жарысқа қатысатын 10 спортшының ішінде екінші орында тұр. Оның алдында үндістандық Гириш Аршана ғана бар. Егер тәжірибе көмектесіп, сәттілік жолдас болса, Зәуреш Аргентинға апарар билетке қол жеткізуі мүмкін.

Ал Айдосқа аздап қиын соғуы мүмкін. Өйткені, ол рейтингке бесінші сатыда орналасқан. Оның алдында Канада, Белгьгия, Сингапур және Йордания спортшылары орналасқан.

Қазақстандық жас теннисшілерге сәттілік тілей отырып, олар елге жолдамамен оралады деп сенеміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу