ВТБ банкі табысын еселеді

751

ВТБ банкі табысын еселеді

2018 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша ВТБ банкінің (Қазақстан) таза табысы 2,6 млрд теңге құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі банктің қаржылық нәтижесінен 9 есе асып түседі, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Банк активтері 136,9 млрд теңге құрады, оның 59,5% немесе  81,5 млрд теңгесі – клиенттерге берілген қарыздар. Банк міндеттемесі 120,2 млрд теңге құрады, олардың  53,8% немесе 64,7 млрд теңгесі – банктік шоттар мен клиенттердің салымы. Банктің жарғылық капиталы өзгерген жоқ және 27,3 млрд теңгеге тең. Резерв  қалыптастырғанға дейінгі екінші тоқсандағы таза табыс - 2,4 млрд теңге.

"І жартыжылдықта Қазақстандағы ВТБ еншілес банкі 2017-2019 жылдарға есептелген үш жылдық даму стратегиясы бағытындағы сенімді ілгерілеуінің арқасында тамаша қызметтік нәтиже көрсетті. Біз кредиттік портфельді өсіруді және пайданы арттыруды жалғастырудамыз. Капиталдың қайтымдылық коэффициенті (ROE) І жартыжылдықта  30,4% құрады, - деді  ВТБ банкі (Қазақстан) басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло, - екінші жартыжылдықта біз пайданы арттыруға және бизнестің тиімділігі бағытындағы түсімдік қозғалысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз".

Даму стратегиясына сәйкес жуықтағы бір жарым жылда ВТБ (Қазақстан) әмбебап банк ретіндегі үйлесімді дамуын жалғастыра отырып, ірі инвестициялық, орта және бөлшек бизнес арасындағы бизнес-желі теңгерімін сақтайды. Қазақстандағы ВТБ бизнесін белсенділендірудің негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік ШОБ қолдау аспаптарын барынша пайдалана отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау болады. Сонымен қатар, ірі инвестициялық бизнес пен бөлшек клиенттерге кредит беруіне басты назар аударылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу