Ырғыз ауданындағы метеорит құлаған жерге баруға қызығатындар көр

1437

Ырғыз ауданындағы метеорит құлаған жерге баруға қызығатындар көр

Ақтөбеде ауданаралық рейстерді ашу жоспарлануда.  Бұл туралы Ақтөбе облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Усманғалиев айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Біздің алдымызға Ақтөбе қаласының әуежайынан ұшатын авиабағыттарды кеңейту тапсырмасы қойылды. Қазіргі таңда біз басқа қалалар мен елдерге жаңа рейстер ашу және кеңейту бойынша барлық авиакмпаниялармен жұмыс жасап жатырмыз. Сонымен қатар, біз ішкі рейстерді де дамытумен айналысудамыз. Ырғыз ауданындағы метеорит құлаған жерге баруға деген қызығушылық көп. Бүгінде ол жерге машиналарымен, жол таңдамайтын көліктермен өте көп адамдар келеді, өйткені, біздер арнайы маршруттарды әлі анықтаған жоқпыз. Ырғыздағы әуежайға жөндеу жүргізілді", - деді Ақтөбе облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, өңір ішіндегі тағы да бірнеше бағыттар қарастырылуда. Дегенмен, оның бәрі жолаушылар ағынына байланысты. Тұрғындар ауылдарына әуе кемесімен жетуге деген қызығушылық артқан сайын авиатасымалдаушылар да тезірек табылады.

"Шалқар қаласының бағытымен де жұмыс жүргізудеміз. Ол жердегі әуежайды жөндеу қажет. Сол сияқты, Байғанин бағыты туралы да мәселе бар. Ол үшін бізге 16 не болмаса 20 орындық шағын ұшақтары бар және кез-келген топыраққа қона алатын авиакомпаниялар керек. Әйтсе де, барлығы да жолаушылар ағынына байланысты. Егер жолаушылар болмаса, рейстер де әзірше болмайды. Көпшілік адамдар машиналармен жүргенді артық көреді", - деп сөзін қорытындылады Усмангалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу