Юлия Галышева әлем кубогының соңғы кезеңінде финалға шыға алмады

647

Юлия Галышева әлем кубогының соңғы кезеңінде финалға шыға алмады

Қазақстандық фристайлшы, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева Тазавакодағы (Жапония) әлем кубогының соңғы кезеңінде суперфиналға шыға алмады, деп хабарлайды vesti.kz.
Бірінші финалдық кезеңде қазақстандық спортшы 7-орын алды. Нәтижесінде жүлделі орынға таласатын спортшылар санатына енбей қалды.
Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд 3-орын алды. Павел Колмаков жарысты іріктеу кезеңінде аяқтады.
Айта кетейік, қазақстандық фристайлшылар Олимпиада ойындарынан кейін алғашқы жарысына қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу