Заңсыз таксист болып жүргендердің көлігі тәркіленуі мүмкін

1461

Кодекске сәйкес, тіркеусіз кәсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысқан жеке тұлғаларға 38 мың теңге шамасында айыппұл салынады. 

Заңсыз таксист болып жүргендердің көлігі тәркіленуі мүмкін

Салықтан жалтарып, жолаушы тасымалдаған заңсыз такси жүргізушілері көліктерінен  айырылуы мүмкін.

Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, бір Алматының өзінен салықтық тіркеуден өтпей, көлеңкелі ортада нәпақа тауып жүрген 20-ға тарта жеке тасымалдаушы анықталыпты. Енді олар 10 күн ішінде жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруға тиіс. Оған мойынсұнбаған такси қызметкерлеріне қатысты материалдарды салықшылар сотқа жібереді.

Фемида өкілінің шешімі бойынша, жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылып, темір тұлпарлары тәркіленеді. Кодекске сәйкес, тіркеусіз кәсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысқан жеке тұлғаларға 38 мың теңгедей айыппұл салынады. Әрі құқықбұзушылыққа апарған мүлкі тәркіленеді.

Айта кетсек, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтың төлейтін салығы кірісінің 1 пайызын ғана құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу