Зеренді ауданының əкімін 2 ай қамауда ұстауға санкция берілді

813

Сот қылмыстың ауырлығын ескеріп, кепіл мəселесін қарастырмады.

Зеренді ауданының əкімін 2 ай қамауда ұстауға санкция берілді

Пара алды деген күдікпен ұсталған Ақмола облысының Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафинді сот 2 айға мерзімге қамауда ұстау туралы санкцияны қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, тергеу судьясы күдікті Мереке Мұстафинге қатысты айға мерзімге қамауда ұстау туралы санкция қолданды.

"Мұндай шараны қолдануға ер адамның жемқорлыққа қатысты ауыр қылмыс жасағаны, қылмыстық тергеу органдарының шараларына кедергі келтіру, сондай-ақ, тергеу мен соттан бой тасалау мүмкіндігі негіз болды. Сот қылмыстың ауырлығын ескеріп, кепіл мəселесін қарастырмады", – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, қаңтардың 17-і күні Мереке Мұстафин ҚР ҚК 366 бабының 2 бөлігіне сəйкес қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық процессуалдық кодекстің 128 бабы бойынша ұсталып, Көкшетау қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін оның əркетіне байланысты ҚР ҚК 366 бабының 2 бөлігі жəне 25 бабының 2 бөлігі бойынша жаңа қаулы шығарылды.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафинді ұстаған болатын. Кейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Зеренді ауданы әкімінің ұсталуы жөніндегі ақпаратты растаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу