Жақында Джакартада паралимпиадалық ойындар басталады

901

Қазақстанның намысын айтулы додада 9 спорт түрінен 93 спортшы қорғайды.

Жақында Джакартада паралимпиадалық ойындар басталады

Қазақстандық паралимпиадалық құрама командасы 6-13 қазан аралығында Джакарта қаласында өтетін ойынға қатысады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Пара Ойындар - спортшылар үшін алғашқы рет халықаралық жіктемеге кіруге мүмкіндік береді. Жарыстар спортшыларға біліктілік нормативтерін орындап, Токио-2020 Паралимпиадасына баруға мүмкіндік болмақ.

Қазақстанның намысын айтулы додада 9 спорт түрінен 93 спортшы қорғағалы отыр, бұл спортшы саны жағынан Қазақстан үшін  жаңа көрсеткіш (алдыңғы жарыста спорттың 9 түрінен 82 спортшы барған).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу